Министрдің сапары Ақмола облысы мен Көкшетау қаласындағы АШМ-ның аумақтық бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларымен кездесуден басталды.
ҚР АШМ басшысы "Казростинжиниринг" ЖШС комбайн шығаратын зауытқа барды. Кәсіпорында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндары, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы қондырғылары шығарылады. Жыл басынан бері кәсіпорын 26,4 млрд теңгеге 440 комбайн құрастырған.
Сондай-ақ, облыс орталығында Сапархан Омаров Көкшетауда ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде өз өнімдерімен танымал "Гормолзавод" ЖШС-да болды. Қазір зауытта кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыратын жаңа цехтар салынуда.
Ауыл шаруашылығы министрі "Синегорье" ЖШС-де ұн өндіру, дәнді және майлы дақылдарды сақтау және қайта өңдеу барысымен танысты. Кәсіпорында орнатылған инновациялық жабдық "дәнді және майлы" дақылдарды бір уақытта қабылдауға мүмкіндік береді.
Сапар соңында министр "Макинск құс фабрикасы" ЖШС-да болды. Жаңа өндіріс орны пайдалануға берілгеннен кейін құс етін өндіру жылына 25 мың тоннаға дейін артады. Құс фабрикасына жақын жерде тағы бір инвестор өсімдік майын өндіретін зауыт салып жатыр. "Бота-2015" ЖШС-нің өндірістік қуаты тәулігіне 600 тоннаны құрайды.