Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау қағидасы өзгерді

477

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау қағидасы өзгерді

"Бұл өзгеріс Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін ескере отырып қайта қаралды және бұл субсидиялау қағидаларына жиі өзгерістер енгізу қажеттілігін жояды", – деп сендіреді министрліктен.

"Мысалы, егер қарыз шартын жасасу кезінде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі жылдық 14%-ды құраса, бұл жағдайда субсидиялауға жататын номиналды сыйақы мөлшерлемесі 21,5 %-дан аспауы тиіс. Қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі мен 7,5% жылдық пайыздық жиынтық сомасы мен қарыз алушының теңгемен төлеген 6% арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады (сыйақының номиналды мөлшерлемесі 21,5% болған кезде АӨК субъектісі 6% төлейді, мемлекет 15,5% субсидиялайды)", – деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Субсидиялауға мынадай бағыттар жатады:

1) Ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған; 
2) Өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған; 
3) Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Аталған жаңалықтар 25 шілдеден бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу