"Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау" ұлттық жобасы аясында нормативтерге өзгерістер енгізіледі

824

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында 2 ұлттық жоба қаралды.

"Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау" ұлттық жобасы аясында нормативтерге өзгерістер енгізіледі

Соның бірі – "Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау", деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау" ұлттық жобасы аясында келесі нормативтерге өзгерістер енгізу көзделіп отыр: 

- 50 тұрғынға дейінгі ауылдарда медициналық қызметкердің болуы;

- Медициналық пункт – 50-ден 500 адамға дейін;

- Фельдшерлік-акушерлік пункт – 500-ден 1 500 адамға дейін;

- Дәрігерлік амбулатория – 1500-ден 5 000 адамға дейін;

- АМСК орталығы – 5 000-нан 30 000 адамға дейін.

Сондай-ақ ұлттық жоба аясында іске асатын негізгі шаралар:

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің (АМСК) 655 нысанының құрылысы: 

АМСК 228 жаңа нысан, оның ішінде:

- 123 медициналық пункт,

- 77 фельдшерлік-акушерлік пункт,

- 28 дәрігерлік амбулатория.

Қолданыстағы АМСК нысандарының орнына 427 нысан, оның ішінде: 

- 130 медициналық пункт,

- 165 фельдшерлік-акушерлік пункт,

- 132 дәрігерлік амбулатория.

Жоба аясында медицина кадрларымен қамтамасыз ету мақсатында:

- 2022-2024 жылдары – 16 570 мейіргер мен 17 585 фельдшер дайындықтан өтеді; 

- Медициналық жоғары оқу орындарында жыл сайын 2 200-ден астам жалпы практика дәрігерлері дайындықтан өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу