Ауылдағы өмір сүру сапасы қандай деңгейде?

1352

Қазақстан халқының 40%-ы ауылда тұрады. 

Ауылдағы өмір сүру сапасы қандай деңгейде? Фото: zhaikpress.kz

Ауылды көркейту мен дамыту мәселесі әлі күнге дейін өзекті. Ауыл шаруашылықтарының 51,6%-ында су құбыры үй ішіне тартылса, ал 23,1%-ында су құбыры үйден тыс жерде орналасқан. Ауылдағы үй шаруашылықтарының тек 43%-ы желілік газбен, баллондардағы сұйытылған газбен 53,9%-ы қамтамасыз етілген.

Орталық кәріз жүйесіне ауыл шаруашылықтарының 6,3%-ы ғана қосылған, кәріздің басқа түрлерімен 66%-ы қамтамасыз етілген, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ыстық сумен жабдықтау көрсеткіштері де көңіл көншітпейді. Ауылдарда орталық ыстық сумен жабдықтау жүйесі іс жүзінде жоқ. Бұдан бөлек жеке су жылытқыштар арқылы ыстық сумен жабдықтау жүйесі үй шаруашылықтарының 62,5%-ында ғана бар. 

Ауылда қоқысты жинау, шығару көрсеткіштері де өте төмен. Мұндай қызмет түрімен үй шаруашылықтарының тек 49,1%-ы қамтамасыз етілген.

Республика ауылдарының спутниктік теледидармен қамтамасыз ету үлесі 64,1%-ды құрайды, кабельдік – 7,1%, эфирлік – 37,3%.

Ақпаратқа сәйкес, ауыл тұрғындарының дүниежүзілік желіге қолжетімділігі жоғары деңгейде көрінеді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауылдағы үй шаруашылықтарының 90,6%-ы мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 84,9% болды. 

Халықты мобильді интернетпен Kcell, Tele2/Altel, Beeline операторлары қамтамасыз етіп отыр. 

Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ақпарат және байланыс секторындағы инвестициялар көлемі 112,8 млрд теңгені құрап, жылдық өсім 16,9%-ды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу