banner

Ауылдықтар қалалықтарға қарағанда үй телефонынан көбірек бас тартып жатыр

968

Қаңтар айында жергілікті телефон байланысы қызметінің жалпы құны 3 млрд теңге болды, яғни былтырғыдан 5,5%-ға аз. 

Ауылдықтар қалалықтарға қарағанда үй телефонынан көбірек бас тартып жатыр

Қаңтар айында жергілікті телефония қызметінің жалпы байланыс қызметіндегі үлесі небәрі 4% болды. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. 

Қаңтар айында жергілікті телефон байланысы қызметінің жалпы құны 3 млрд теңге болды, яғни былтырғыдан 5,5%-ға аз. Оның 861,1 млн  теңгесі ауыл аймақтарының үлесіне тиесілі: бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 12,5%-ға кем. 

Жалпы қызмет көлемінің 21,8%-ы Алматы қаласының үлесіне тиесілі: 655,3 млн теңге. Сектордағы қызмет көрсетудің қысқаруына қарамастан, Алматыда айтарлықтай 11,9%-ға өскен. 

Жергілікті телефонияны көбірек қолданатындардың қатарында Қарағанды (10,6%) және Шығыс Қазақстан (7,8%) облыстары бар. 

Ескере кететін жайт, үй телефондары секторындағы қызмет көрсету 2014 жылдан бастап құлдырауға ұшырауда. 

Телефон үшін абоненттік төлем орташа есеппен алғанда – 1006 теңге. Бұл тариф 2013 жылдың ақпан айынан бері өзгермеген. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда біртіндеп 5G мобильді байланысы енгізіліп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сынақ өткізілген. 2021 жылдың соңына дейін бұл технология Назарбаев Университет және Экспо аймағында, ал 2022 жылы әуежай, теміржол вокзалы мен сауда орталықтарында іске қосылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу