Ауыр атлетика Олимпиада ойындарының бағдарламасынан шығарылуы мүмкін

613

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының соңғы екі сайлау конгресінде сайлаушыларға пара беру өршігені анықталған, сонымен қатар 10 млн доллар алынып, оң нәтиже берген 40 допинг сынамасы жасырылған.  

Ауыр атлетика Олимпиада ойындарының бағдарламасынан шығарылуы мүмкін

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) қызметіне қатысты жалғасып жатқан тергеуде жемқорлық фактілері анықталса, ауыр атлетика Олимпиада ойындарының бағдарламасынан шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл ауыр атлетика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеудің тәуелсіз тұжырымдары, тергеуді басқарған канадалық заңгер Ричард Макларен жариялаған.

Бұл туралы канадалық заңгер Ричард Макларен ауыр атлетика бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуелсіз тергеу нәтижесінде белгілі болды. Тергеу барысында Макларен Тамаш Аянды "IWF-тің" авторитарлық көшбасшысы" деп атады.

Себебі, ол халықаралық ауыр атлетика федерациясында 44 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бас хатшы болса, қазірде халықаралық федерация президенті қызметінде. Алайда, Тамаш Аян кез келген заң бұзушылықты жоққа шығарып отыр.

"Біз осы баяндамадан, атап айтқанда, допингке қарсы және басқаруға қатысты осы есепте көрсетілген іс-шаралардан қатты алаңдаушылық білдіреміз. IWF қадағалау комиссиясының қорытындыларына байланысты біз қатаң шаралар қабылдау құқығын өзімізде қалдырамыз. Тек мұнымен ғана шектелмей, ауыр атлетиканы Олимпиада бағдарламасынан шығару туралы мәселені көтереміз", - деді ХОК президенті Томас Бах.

81 жасар Тамаш Аян ХОК-тың бұрынғы мүшесі, IWF-та 70 жылдардан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Әйелі бас хатшы қызметінде болса, 2000 жылдан бері биыл қызметінен кеткенше президент болды. 121 беттен тұратын баяндамада IWF-тегі сыбайлас жемқорлықтың кең ауқымы егжей-тегжейлі сипатталған. Құжаттағы мәлімет бойынша, қолма-қол ақша Тамаш Аянның негізгі "табыс көзі" болған.

Допинг айыппұлдары мен ірі жарыс алдында немесе IWF конгресінде IWF есепшотынан қомақты қаржы шешіп алынып, Аянға төленіп отырған. "Біз қазір IWF-тің жаңа басшылығына федерацияны реформалауды, сондай-ақ допингке қарсы жүйені федерациядан тәуелсіз ету әрекетін толығымен қолдайтынымызды айтамыз. Оған деген негізгі қадамдар жасалды". Бах осы тергеу ісіне қатысты IWF-тің ешқандай мүшесіне ХОК тарапынан келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына аккредитация берілмейтінін айтты.

"Мұндай шенеуніктер ХОК-тың Токиодағы дайындық кездесулерінде бір үстел үстінде отырмайды", – деді Бах.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу