Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жарыс күнтізбесін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған күнтізбе бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін жарыстарға өзгеріс енгізілген. Бірнеше турнир кейінге шегерілсе, кейбірі өткізілмейтін болған.
Жарыс кестесіне сәйкес, 2020 жылғы Азия чемпионаты бір жылға шегеріліп, 2021 жылдың наурыз айында өтуі мүмкін.
Айта кетерлігі, аталған құрлықтық біріншілік Ташкентте өтеді деп жоспарлануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу