"Ауыз суға қауіпті у қосады"

597

Қазнетте бірден бірнеше ұқсас фейк тарады. Олардың барлығында суды фторлаудың зияны туралы айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ауыз суға қауіпті у қосады"

Stopfak.kz бұл ақпараттың рас-өтірігін ажыратып берді.

"Бұл өтірік. Фтордың тіс жегінің алдын алуға көмектесетіні ғылыми дәлелденгеннен кейін ХХ ғасырдың екінші жартысында ол жаппай қолданысқа енгізілді", – деп жазады ақпарат көзі.

"Сумен жабдықтау жүйесіне қауіпті у – фторид қосқаны көрсетілген видеодағы оқиғалардың өзі қай жерде орын алғаны және ер адам не қосқаны белгісіз. Алайда видеода көрсетілген имарат су тазарту қондырғысы емес деп сеніммен айтуға болады", – деп дәлелдей түскен тексергендер.

Жазбаға сүйенсек, Қазнет пайдаланушылары жазып отырған фторид – бұл у емес, басқа заттармен араласқанда қалыптасатын фтор тұздарының жалпы атауы.

Сонымен фторланған судың зияны туралы үш хабарлама – фейк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу