Автобус апатынан зардап шеккен жүргізушіге басшылық қысым жасап отырғаны айтылды

6434

"Ол жолаушылармен 200 теңгеге тістеспегенде не істейді"?

Автобус апатынан зардап шеккен жүргізушіге басшылық қысым жасап отырғаны айтылды Фото: Bugin.kz

Алматыда болған автобус апатында зардап шеккен жүргізушіні басшылық қысымға алған. Бұл туралы оның әріптесі "Көреміз" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әріптесінің айтуынша, басшылық жүргізушіге аз ғана айлық беріп, қалғанын жолаушылардан табуға мәжбүрлеген.

"Осы жерге келу оңайға түскен жоқ маған. Жолдан қанша адам тоқтатты. "Жұмыстан шық" деді. "Білгендеріңді істеңдер" дедім. Басымды кесіп алсын. Жоғарыда отырғандардың құйтырқы әрекеті бәрі. Ермектің айдайтын автобусы жеке автобус. Қолдарына 200-250 мың айлық береді. Қалғанын автобустан тауып ал дейді", - дейді жүргізуші. 

Сонымен қатар ол әріптесінің кінәсіз екенін айтады.

Мысалы маған 700 мың айлық деп жазылып тұрады. Бірақ қолыма 300 мың ғана тиеді. Қазір артымда мың автобус жүргізуші қарап отыр. Ермектің ешқанай кінәсі жоқ", - деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу