Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

541

Ақтөбе облысында шағын автобус пен жүк көлігі соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты. Екі адам жарақат алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен хабарлады, деп жазады innusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

Оқиға сәрсенбіде Жаңажол вахталық кенті мен Мұғалжар ауданындағы "Северная труба" кен орны арасында болған.

"25 жастағы УАЗ автокөлігінің жүргізушісі өндірістік аумақта Жаңажол вахталық кенті бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сонда Shacman автокөлігін соққан. Оқиға салдарынан УАЗ жүргізушісі мен жолаушысы Кеңқияқ кентінің қызметтік ауруханасына жатқызылды, ал екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу