Автобус жүргізушілерінің еңбекақысы 500 мың теңгеге жеткізілмек

639

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жергілікті билік тарапынан субсидиялау көмектеседі.

Автобус жүргізушілерінің еңбекақысы 500 мың теңгеге жеткізілмек

Астанадағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің еңбекақысы өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде тасымалдаушылар бәсекелік талаптар бойынша еңбекақыны белгілейді. Кейбіреулері оның деңгейін 400 мың теңгеге қойса, қалғандары 500 мың теңге төлеуге әзір екенін айтуда. Сондықтан автобус жүргізушісі орнына үлкен конкурс болады. Осындай еңбекақы алу үшін штатта жұмыс істеп, өзінің табысын ашық көрсетуге тиіс", - дейді "Астана LRT" ЖШС-ның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Оның сөзіне қарағанда, қоғамдық көлік жүргізушілерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жергілікті билік тарапынан субсидиялау көмектеседі.

"Автопарктер субсидиялауға көшіп жатыр. Алайда субсидияны алу үшін барлық шаралар ашық болуы керек. Табыс бойынша, жүргізушілердің еңбекақысы, салық төлемдері тұрғысында есептер ұсынуы қажет. Қазір біз осыларды талап етудеміз. Өйткені онсыз субсидияны алу мүмкіндігі жоқ", - деп түсіндірді ол.

"Тасымалдаушылар бір жолаушының жол жүруі 301 теңгеге тең екенін айтуда. Өз кезегінде әкімдік бұл сома тым көп екенін алға тартып, қосымша және басқа да шығындарды азайта отырып, қайта есептеу шараларын жүргізуді сұрады. Нәтижесінде, 198 теңге деңгейіндегі көрсеткіш шықты, ал жолаушылар 90 теңге төлейді. Әкімдік әрбір жолаушы үшін парктерге 108 теңге қосымша төлейді", - деді Н. Азанбаева.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде автобустарға жүргізушілерді іріктеу жүріп жатыр. Біліктілікті арттырудан өткеннен кейін, олар жұмысқа орналастырылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, дифференцияланған тариф енгізілген соң және жолаушылардың жаппай көліктік карталарға көшуі автобустағы көптеген жүргізушілердің жұмыстан кетуіне себеп болды. 

Соның салдарынан қалалық автобустарда кейбір бағдарлардың жүруі бойынша уақыт аралығының ұзаруы байқалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу