Автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғалғаны рас па? Полиция түсінік берді

602

Алматыдағы автобус апаты.

Автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғалғаны рас па? Полиция түсінік берді Фото: Tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жайтқа қатысты Полиция департаменті түсінік берді,  деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Бұрын хабарланғандай, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушісі К.есімді азаматшадан, жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатыны айтылған.

Еске салсақ, желтоқсанның 22 күні №47 автобустың жүргізушісін жолаушы соққының астына алды, салдарынан автобус аялдамадағы бір топ адамды қаққан болатын. Сол жерде үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу