Автобусқа арналған жолақпен жүруге рұқсат берілуі мүмкін

954

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз қолданыстағы заңнамаға автобус қозғалысына арналған жолақтарды басқа көліктердің пайдалануын реттейтін түзету енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

Автобусқа арналған жолақпен жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Оның айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдар автокөліктердің қарбалас сағаттан тыс уақытта және демалыс күндері автобус қозғалысына арналған жолақтарды пайдалану мүмкіндігін зерделеп жатыр. 

"Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган ретінде жол қозғалысы ережелеріне ықтимал түзету әзірледі", – деді Нұрділдә Ораз. 

Оның сөзінше, түзету жобасы "ашық нормативтік құқықтық актілер" 
ақпараттық порталында жарияланды. 

"Елдімекендерде жол қозғалысын ұйымдастыруға және көше-жол желісін басқаруға заң жүзінде жауапты болып табылатын жергілікті атқарушы органдар көшелердің жалпы жүктемесін, қозғалыс қарқынын және қоғамдық көлікке арналған жолақтардың өткізу қабілетін зерттеп, сараптама жасайды. Жария талқылау мен халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижесін қоса алғандағы барлық материал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданады. Заңнамаға тиісті түзету енгізу мәселесі жұртшылықтың пікірі негізінде қаралады", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу