Автокөліктер контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

866

Тінту барысында 60 автокөлік тәркіленді.

Автокөліктер контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында автокөліктер контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қылмыстық топтың әрекеті Экономикалық тергеу департаментінің облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әшкере болған.

"Ұйымдастырушылар автокөліктерді Ресейден Қазақстан аумағына қосалқы бөлшектер түрінде жалған кедендік құжаттар көрсетіп, жеткізіп отырған. Қойманы тінту барысында 60 автокөлік (54 жеңіл және 6 жүк көлігі), заңға қайшы әрекеттерді растайтын құжаттар, жалған техникалық паспорттар мен РФ-ның жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала есептелген көлемі шамамен

650 млн. теңгені құрайды",– деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталғандарға қатысты 2 айға дейін "қамауда ұстау" шарасы

санкцияланып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу