Автомектептердің денінде қажетті материалдық база жоқ – ІІМ

255

Бүгінде 747 оқу орталығы оқуды жүзеге асырады. 

Автомектептердің денінде қажетті материалдық база жоқ – ІІМ Фото: freepik

Автомектептер қызметінен күтілген өзін-өзі реттеу болмады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет тарапынан автомектептерді өзін-өзі реттеуге көшіру үшін заңнаманы кезең-кезеңімен әлсірету арқылы осы саланы бақылауды жоғалтқанын мойындаймыз. Бүгінде 747 оқу орталығы оқуды жүзеге асырады. 2018 жылдан бастап автомектеп ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар қажет емес. 2020 жылы олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тоқтатылды. Сапасыз дайындық үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Бұл өз кезегінде оқу процесінің көбіне қағаз жүзінде жүргізілуіне әкелді", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның дерегінше, көптеген мектепте қажетті материалдық база жоқ.

"Автомектептер қызметінен күтілген өзін-өзі реттеу болған жоқ. Осы қызметтің барлық бағыты бойынша дайындық пен жарақтандыру сапасының төмендегенін байқап отырмыз. Сондықтан қазір біз осы салада тәртіп орнату бойынша шаралар қабылдау үстіндеміз. Жүргізушілердің өз бетінше дайындалуы тоқтатылды. Жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтау туралы куәліктерді және медициналық анықтамаларды электрондық формаға көшірдік. Барлық автомектеп мен білім алушы үміткерді толығымен есепке аламыз", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу