Авторлық қоғамдар Шәмшінің әндеріне айына 6 мың теңге ғана төлейді – Нартай Аралбайұлы

Елдегі авторлық қоғамдардың жұмысына депутаттың көңілі толмайды. 

Авторлық қоғамдар Шәмшінің әндеріне айына 6 мың теңге ғана төлейді – Нартай Аралбайұлы Фото: коллаж inbusiness.kz

Ол Шәмшінің шығармалары үшін ұрпақтарына 3 айда 18 мың теңге ғана төлегенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың сөзінше, шығармашылық өкілдері өз туындыларын өзі қорғауға мәжбүр. Тіпті, кейбір адвокат жалдап, сандалып жүр.

Нартай Аралбайұлы "композитордың әндерін арзан бағалаған авторлық қоғамдардың жұмысын ретке келтіру керек" деп есептейді.

– Шәмші Қалдаяқовтай ұлы тұлғамыздың шығармаларын орындағаны үшін ұрпағына авторлық қоғам бір маусымда, яғни 3 айда бір рет 18 мың теңге ғана төлеген. Шәмшінің әні орындалмайтын кеш бар ма, қазақта?! Біздің авторлардың құқы қорғалмайтынын осыдан-ақ көре берсеңіздер болады, – деді ол.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанда 15-16 авторлық қоғам бар. Олар авторлардың туындыларын тұтынғаны үшін түсетін ақшаның 70%-ын ұстап қалып, тек 30%-ын ғана авторға не оның ұрпағына төлейді.

Еске салайық, бұған дейін депутат М.Мақатаев пен Ж.Нәжімеденовтың өлеңін авторлық қоғамға ақша төлеп, өзі иеленгенін айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу