Аягөзде мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді

328

35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. 

Аягөзде мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді Фото: видео скриншот

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болғаны анықталды.

Мас жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көлігімен сол маңдағы дүкендердің біріне соғылған. 

Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істегені белгілі болды. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу