Аягөзде үш адам іздестіріліп жатыр

480

Абай облысы Аягөз ауданында үш адам іздестіріліп жатыр.  

Аягөзде үш адам іздестіріліп жатыр Фото: oskemen.info

Олардың біреуі - Аягөз өзенінен атпен өтпек болып, суға батып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Ал, тағы екі адам өздері жұмыс істейтін шаруа қожалығына трактормен бара жатып, Борлы өзенінің ортасында тұрып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Көмекке барған ауылдастары атпен құтқаруға әрекеттенген. Бірақ, қатты ағын мен терең су мүмкіндік бермеген. Құтқарушыларға хабар бергенше трактор аударылып, ондағы адамдар жоғалып кеткен.

Қазір төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен ауыл тұрғындары қайық және дронмен іздеп жатыр. Тасқын салдарынан Аягөз бен Бозай ауылын байланыстыратын көпірді су шайып кетті. Қазір екі ауылмен байланыс үзілген. Ауданда тасқынға байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу