"Аяушылықпен тепкен жоқсыз ба?": Шерзат ісінде судья сұрағымен айыпталушыны тығырыққа тіреді

774

Сот отырысы жалғасып жатыр. 

"Аяушылықпен тепкен жоқсыз ба?": Шерзат ісінде судья сұрағымен айыпталушыны тығырыққа тіреді Фото: zakon.kz

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Судья Ержан Жанұзақов айыпталушыдан "Сіз екі рет Ғайыпбаевты соғып жібердім дедіңіз. Сол кезде ол қандай күйде болды?" деп сұрады.

"Ғайыпбаев отырды ма, жатты ма нақты есімде жоқ. Бірақ оның бізге мылтық атып, анайы сөздер айтқаны жадымда қалды", - деді айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев. 

Сотталушының сөзінше, "Нұрғанат мылтықты атқан, бірақ оның қолынан қаруды тартып алған адаммен таныс емес".

"(Мылтықты) одан тартып алды, оның қолында қаруы жоқ. Ғайыпбаев жатыр. Сіз барып тептіңіз. Өз іс-әрекетіңізді дұрыс деп ойлайсыз ба?", - деп сұрады судья. 

Күдікті Нұрбол Тоқтаубаев өзінің әрекеті дұрыс болғанын жеткізді.

"Себебі ол бізге мылтық атты", - деді сотталушы.

"Сіз Ғайыпбаевты тептіңіз. Ал полиция қызметерлері сізді ұрды. Олардікі дұрыс емес пе?", - деп сұрады судья Ержан Жанұзақов.

Сотталушы полицейлер оны аяусыздықпен ұрғанын жеткізді.

"Ал сіз аяушылықпен тепкен жоқсыз ба?", - деді судья.

Нұрбол Тоқтаубаев қайғылы оқиға болған күні "төбелес орын алды" деп қысқа қайырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу