Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа түсті

1122

Күдіктіге зорлау мен адам өлтіру баптары бойынша айып тағылды. Бұл туралы Алматы қалалық соты ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа түсті

"Алматы қалалық сот зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру қылмысы бойынша Т.-ға қатысты қылмыстық іс түсті.  Бұл іс жабық есік жағдайында өтеді, өйткені бұл жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты", – деп жазылған хабарламада.

Алдын ала тыңдауда істі қарау мәселесі не алқабилердің қатысуымен, не бір судьямен шешіледі.

Еске сала кетсек, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда оның денесі бөлшектелген күйде табылды. Күдікті үйден қалдықтарды шығарып, қоқыс жәшіктеріне лақтырып үлгерген. Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізді, іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туылған тұрғыны ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу