Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің жаңа ережесі күшіне енеді

709

Әділет министрі Марат Бекетаевтың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру ережелері туралы бұйрығына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің жаңа ережесі күшіне енеді

30 тамыздан бастап күшіне енетін құжатта баланың туғанын тіркеу үшін ата-аналар немесе мүдделі тұлғалар өтінішті кез-келген тіркеуші органға 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электронды түрде беруі тиіс деп жазылған.

Өлі бала дүниеге келген жағдайда немесе сәби өмірінің алғашқы аптасында шетінейтін болса, өтінішті медициналық ұйымның жауапты өкілі қайтыс болу фактісі тіркелгеннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей беруі керек.

Баланың тууын ақпараттық жүйелер және мемлекеттік органдар арқылы тіркеуші органның бастамасы бойынша ата-ананың өтінішінсіз, ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы eGov веб-порталына проактивті тәсілмен тіркеуге де болады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу