Ескерте кетерлігі, бұл – 2026 жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресми статистикаға сәйкес, қалалық жерлерде – 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға артқан. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім негізінен туындаса, 2,3 мыңы көші-қонның оң сальдосы есебінен қалыптасты.
Айта кетейік, Қазақстан халықының саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен еді.
Жыл басында ел тұрғындарының саны 195 480 адамға артқанын жаздық.
Ондағы ресми деректе халықтың саны 20 478 879 адамға жеткені жазылған-ды. Ал жыл басында Қазақстанда 20 283 399 адам тұрған еді.
Сол уақыттағы халық ең көп шоғырланған өңірлер қатарын Алматы қаласы (2 345 012 адам), Түркістан облысы (2 148 168 адам), Астана қаласы (1 630 640 адам) және Алматы облысы (1 592 652 адам) толықтырды.