Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
— 2024 жылғы 29 қарашада сағат 13:00–де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Сонымен қатар 29 қарашада сағат 13:00–де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" автожолының 1153-1240 шақырым аралығында (М-32, А-26 жол айрығынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Екі жолды 2024 жылғы 29 қараша сағат 16:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.