Әзербайжан Иранмен дипломатиялық қатынасты толығымен үзді

620

Әзірбайжанның Ирандағы елшілігінің дипломатиялық қызметі толығымен тоқтатылды. 

Әзербайжан Иранмен дипломатиялық қатынасты толығымен үзді Фото: inform.kz

Жексенбіде Trend тілшісі хабарлағандай, бұл туралы Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов журналистерге айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Елшілікте дипмиссияның әкімшілік ғимараты мен мүлкін күзету үшін 5 адам қалады, бірақ олар дипломатиялық қызмет атқармайды", - деп қосты Министрдің орынбасары.

2023 жылдың 27 қаңтарында Баку уақыты бойынша сағат 08.30 шамасында (Астана уақытымен 10.30) Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалғанын еске саламыз.

Шабуылдаушы күзет бекетіне Калашников автоматынан оқ жаудырған, қауіпсіздік қызметінің бастығы өлтірілді. Елшіліктің екі күзетшісі де жараланды.

Кеше Баку уақыты бойынша сағат 22:00 шамасында Ирандағы Әзербайжан елшілігінің эвакуацияланған қызметкерлеріне арнап жалданған ұшақ Бакуге қонды. Сондай-ақ, Бакуге елшілікке жасалған шабуылда қаза тапқан Орхан Аскеровтің денесі жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу