Әзербайжан қарулы күштері Қарабаққа тағы да шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Армения қорғаныс министрлігі осындай ақпарат жариялады.
27 қыркүйекте Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Армения әскерилері Қарабақтағы жанасу шегіндегі елдімекендерге оқ жаудырды, салдарынан бейбіт тұрғындар мен әскерилер қаза тапты деп мәлімдеген еді. Армения қорғаныс министрлігінің айтуынша, Қарабаққа әуе және зымыран шабуылы жасалған. Ресми Ереван Әзербайжан Қарабақ бағытында шабуылды бастады дегенді айтты. Ал Таулы Қарабақ республикасы аймақтағы елдімекендердің тұрғындарына зеңбіректен оқ атылды деп мәлімдеп, соғыс жағдайын енгізді.
АҚШ, Ресей, Франция сияқты мемлекеттер осы өңірдегі шиеленісті сынап, тараптарды келіссөздер жүргізуге шақырды. Түркия болса, осы шиеленіс жағдайында Әзербайжанға қолдау көрсететін білдірді.
Табиғат Нұрболат