Әзербайжан мен Қазақстан Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын дайындауды тездетпек

1164

Әзербайжан  мен Қазақстан  Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын дайындауды тездетпек

Әзербайжанның сыртқы істер министінің орынбасары Халаф Халафов пен Қазақстанның СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Аманжолова  Бакуде  Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Әзербайжанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Азербайджан".

Тараптар  Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дейін құжаттың жобасына толықтай келісім жасау үшін және  Ашхабадта Каспий маңы елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейінде Арнайы жұмыс тобының кезекті кездесуін тиімді өткізу мақсатында бірлесіп қарқынды жұмыс істеуді көздеп отыр, делінген хабарламада.

Каспий маңы елдері президенттерінің кезекті кездесуі 2017 жылы Астанадаа өтеді деп жопарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу