Әзербайжанда президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды

Үгіт-насихат кезеңі 6 ақпан күні сағат 08:00-де аяқталады. 

Әзербайжанда президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды Фото: trend.az

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Apa ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үгіт-насихат кезеңі 6 ақпан күні сағат 08:00-де аяқталады.

Сондай-ақ,  Әзербайжан Республикасында президенттікке үміткерлерді тіркеу процесі 9 қаңтарда аяқталған болатын.

Айта кету керек, кезектен тыс президенттік сайлауда Орталық сайлау комиссиясы 7 кандидатты тіркеді:

1. Биліктегі "Ени Әзербайжан" партиясынан президенттікке кандидат және қазіргі мемлекет басшысы – Ильхам Әлиев;

2.Тәуелсіз кандидат – Захид Орудж;

3."Ұлттық майдан" партиясынан президенттікке кандидат – Рази Нұруллаев;

4."Ұлы жаратылыс" партиясынан президенттікке кандидат – Фазил Мұстафа;

5."Ұлы Әзербайжан" партиясынан президенттікке кандидат – Елшад Мұсаев;

6. "Тұтас Әзербайжан Халықтық майданы" партиясынан президенттікке кандидат Гудрат Гасангулиев;

7. Тәуелсіз кандидат – Фуад Әлиев.

Бұған дейін, Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы алдағы президенттік сайлауға 17 адамның кандидатурасын мақұлдаса, оның 10-ы тіркеуге қажетті құжаттарды уақытында тапсырмаған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы 7 ақпанда өтетінін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу