Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 30 жылдан астам уақыт бойы Түркі елдерінен келген жастар білім алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биыл университеттің Дайындық орталығында Әзербайжаннан келген үшем – Зехра, Эсра және Лала Азизовалар мен Қырғызстаннан келген егіздер – Батма және Зуура Акканалиевалар білім алып жатыр. Қазақ тілін үйренуді бастағандарына небәрі бір ай болса да, тыңдаушылар еркін сөйлеп, өз ойларын қазақ тілінде жеткізе алады.
Дайындық орталығында оқу орданың ішкі гранты негізінде Түркі мемлекеттерінен келген жастар білім алып, қазақ тілімен қатар түрік және ағылшын тілдерін де меңгереді.