Әзербайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді

Бұл Президент Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр.

Әзербайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді Фото: ТЖМ

Мемлекеттік органдардың өкілдері оқиғаның мән-жайын тергеу үшін Қазақстанға шұғыл келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша Цифрлық даму және Көлік министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Бас Прокурордың орынбасары, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары, AZAL вице-президенті мен басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанның Ақтау қаласына аттанды, – деп жазған еді Azertag. 

Бүгін Баку-Грозный бағыты бойынша J2-8243 нөмірлі рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған еді. 

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарына 700-ден аса жеке құрам мен 82 техника жұмылдырылған. 29 адам ауруханаға жеткізілсе, оның 2-еуі бала екені анықталды. 

Бұған дейін әуе кемесінің бортында нақты қанша адам болғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу