Азиада: Қазақстанның 10 күндегі жетістіктері

509

Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды.  

Азиада: Қазақстанның 10 күндегі жетістіктері Фото: olympic.kz

Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те  жүріп өтті. Бұл Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.

  • Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күміс жүлдегері атанды. 

Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілер әкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.
Қола медаль жеңіп алғандар:

  • Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
  • Надежда Дубовицкая -биіктікке секіру;
  • Каролин Чепкоеч Кипкируи-5000 м жүгіру;
  • Мария Бровкова-байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);
  • Асланбек Шымбергенов-бокс (71 кг).
  • Боксшы Қамшыбек Құңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.

10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу