"Азия Авто" компаниясы мен Анатолий Балушкиннің мүліктері сатылмайтын болды

936

Шығыс Қазақстан облысы атқару округінің жеке сот орындаушысы "Азия Авто" компаниясы мен Анатолий Балушкиннің мүліктерін аукционнан алып тастады.

"Азия Авто" компаниясы мен Анатолий Балушкиннің мүліктері сатылмайтын болды

"Борышкерден түскен арызға сәйкес сотқа шағым түсті, осыған байланысты сауда-саттықтан қайтарып алу қажет деп санаймын", – делінген тиісті қаулыда.

Айта кетейік, олигарх пен оның компаниясынан "First Heartland Jýsan Bank" АҚ пайдасына 36 миллиард 833 миллион 156 мың 922 теңге қарыз сомасы сот арқылы өндіріп алынбақ. 

Электрондық сауда-саттық сәрсенбі, 4 мамыр, таңғы 10-да өткізілуі тиіс болатын. Олигарх Анатолий Балушкин нөлінші жылдардың басында салған Өскемендегі автомобиль құрастыру зауытының ғимараттары мен құрылыстарының өнеркәсіптік кешені аукционға шығуы керек еді. Лоттың бастапқы бағасы 5 миллиард 331 миллион 490 мың 297 теңге, аукцион адымы үш пайыз, ал кепілдік жарна мөлшері бес пайыз, яғни 266 миллион 574 мың теңге мөлшерінде көрсетілген. Ұсынылған сипаттама мен құжаттарға сүйенсек, аукционға көптеген жылдар бойы Lada, Skoda, Chevrolet, KIA маркалы автомобильдер жиналған автомобиль құрастыру зауытының өндірістік кешені қойылды. Оған кірме темір жол қоса беріледі.

Бұған дейін желіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына "Азия Авто" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қол қойған және осы жылдың ақпан айында бірнеше күн әлеуметтік желілердің нағыз хиті болған фирмалық көк мөрмен бекітілген өтініш пайда болған. Түпнұсқалығын ешкім растамаған құжатта өте қызықты мәлімдемелер мен фактілер бар. Оның негізінде Президенттен адамдарды Мәсімов, Мамин және Ерғожинді қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу