Әйелдер күресінде 76 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эльмира Сыздықова Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Отандасымыз финалдық белдесуде қырғызстандық спортшы Айпері Медетқызын 5:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ бүгін Марина Седнева (55 келі) мен Елена Шалыгина (68 келі) қола медаль еншіледі.
Бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан қоржынына түскен екінші алтын медаль. Кеше грек-рим стилінің балуаны Ибрагим Магомадов өз салмағында үздік атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу