Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 14-жүлде түсті

515

Семсерлесуден Қазақстанның әйелдер командасы қола медаль алды.

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 14-жүлде түсті

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы бүгін Қазақстан қоржынына 14- жүлдені салды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45. 

Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді. 

Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған сабляшы қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді. 

Еске сала кетейік, шпагадан ерлер командасы да финал жолдамасына таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу