Азия ойындарындағы екінші "алтынға" қол жетті

787

Велоспортшы Алексей Луценко чемпион атанды. 

Азия ойындарындағы екінші "алтынға" қол жетті

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды. 

Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3:25:25.

Күміс жүлде Жапония, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісінде.

Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу