Азық-түлік бағасы арзандауы мүмкін

1116

Министр көтерме-үлестіру орталықтарына үміт артып отыр.

Азық-түлік бағасы арзандауы мүмкін

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы зор 
азық-түлік тауарларының бағасын 45% арзандатуға болатынын айтты. 

"Тұтас әрі тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін ұлттық тауар өткізу жүйесі құрылып жатыр. Ол фермерлерді, сатып алушыларды, көлік қызметкерлерін, делдалдар мен ритейлерді бірыңғай кластерге біріктіреді. Яғни техникалық әрі ақпараттық тұрғыдан қамтиды", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілген 24 көтерме-үлестіру орталығы өнімді жеткізу тізбегін оңтайландырады. Осылайша өндірушіден тұтынушыға дейін аралықта өнімді жеткізу, сақтау, үлестіру мәселесі шешіледі. 

"Тауардың бүліну қаупін төмендету шаралары фермерлерге өнімділікті арттыру үшін қосымша инвестиция бөлуге жол ашады. Ал тұтынушы сапалы әрі қауіпсіз өнімді алады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 45% дейін төмендетуге мүмкіндігі туады. Тұтынушылар жылына 60 млрд теңге қаражат үнемдеуге қол жеткізеді. Ұлттық тауар өткізу жүйесі баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, маусымдық тапшылықты жоюға ықпал етеді", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу