"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" министрліктің басқаруына беріледі

884

Қазір екеуара құжаттарды өткізу рәсімі жүргізіліп жатыр.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" министрліктің басқаруына беріледі Фото: inform.kz

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы енді  тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқаруына беріледі. Бұл жайында "ҚазАгро" ұлттық холдингі Atameken Business арнасының ресми сауалына жіберген жауабында мәлімдеді.

Мемлекетті млрд-таған шығынның астында қалдырған ұлттық компанияны былтыр қайта құрылымдау шарасы қабылданған еді. Нәтижесінде 7 еншілес компанияның 3-уі ғана қалып отыр. Қызметкер саны да 426 штатқа, яғни 17%-ға қысқартылған. Жалпы жоспарға сәйкес, қысқарту 25%-ды құрап, 1100 бірлікке жетуге тиіс. Оны компания 2022 жылға дейін орындамақ. Ал әзірге "ҚазАгро"-ның ішкі қарызы –744 млрд теңге. Компания құрылған 14 жыл ішінде оны 9 төраға басқарған. Депутат Омархан Өксікбаев сұрауды солардан алу қажет дейді.

"Ондай жерде қандай береке болады. Сұраныс кімнен болады? Сол кеткен басшылардың барлығының артын қазатын болсаңыз, үлкен шельф жатыр. Әрқайсысын жауапкершілікке тартатын мәселелер бар. Өкінішке қарай қазір енді қайтадан жандандыратын кез келген кезде, біз оны жояйық деген мәселеде мен аса, бір ұтамыз деп ойламаймын. Бүгінгі дейін зиян келтірген кім, сол басшылардың теріс шешімі",– дейді – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу