Бағдат Мусин: Министрлік интернет қызметінің тарифін реттемейді

584

Қазақстанда адам басына шаққан кезде 15 гигабайтттан жоғары трафик қолданылады.

Бағдат Мусин: Министрлік интернет қызметінің тарифін реттемейді Фото: google.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет қызметінің тарифіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жүктеме өсіп жатыр. Жалпы дүниежүзілік рейтингтер бойынша салыстырсақ, Қазақстанда адам басына шаққан кезде 15 гигабайтттан жоғары трафикті қолданып жатырмыз. Ал дамыған елдерді алатын болсақ, 9 гигабайтттан аспайды. Бұл дегеніміз не? Барлық адам интернет трафикті қолданып жатыр. Бұл бір жағынан цифровизация үшін өте жақсы көрсеткіш. Бірақ операторларға жүгінер болсақ, олардың да инфрақұрылымы ивестицияны талап етеді", - деді ол Үкімет кулуарында.

Оның сөзінше, тарифтерді өсіру не өсірмеу байланыс операторларының құзырындағы мәселе.  

"Біздің министрлік тарифтерді реттеу механизмін қолданбайды. Өйткені ресми түрде тарифтерді бақылау функциясы бізге жүктелмеген", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан озғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу