Бағдат Мусин: Тұрғындардың жүргізуші куәлігін емтихансыз алып жатқанын көрдім

997

Елде жүргізуші куәлігін алатындарға емтихан талабы күшейеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бағдат Мусин: Тұрғындардың жүргізуші куәлігін емтихансыз алып жатқанын көрдім

24 қазанда Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ХҚКО-ға барған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жүргізуші куәлігінің емтихансыз-ақ беріліп жатқанының куәсі болыпты.

"Шынымды айтсам, оны сыбайлас жемқорлық көрінісі деуге де болатын шығар. Себебі онда адамдарға теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік берілген. Мұндай деректер көп болмауы ықтимал. Бірақ біз қанша дерек тіркелгенін білмейміз", – деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, енді жүргізуші куәлігін беруде талап қатаңдайды.

"Бүгінде біз тиісті шараларды қабылдадық. Мысалы, кеше Нұр-Сұлтанда үш адам ғана жүргізуші куәлігін алды. Біз бақылауды күшейттік. Осылайша, емтиханда кім бар-жоғын тексеру үшін қосымша адамдарды қойдық. Тиісті шешім қабылданды", – деді ведомство басшысы.

Алдағы уақытта теориялық емтихан тапсыратындар үшін биометриялық сәйкестендіру орнатылмақ.

"Менің ойымша, халық мемлекеттік қызметтерді жеңілдетуді WhatsApp арқылы жүргізуші куәлігін алу немесе техникалық байқаудан өту деп түсінбеуі керек. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігімен бірігіп, іс-шаралар жоспарын әзірледік. Қазақстан бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру бойынша талапты күшейтеміз", – деп түйіндеді сөзін Бағдат Мусин.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу