Бағдат Мусин Үкімет басшысынан мемлекеттік органдарға өзінің "сәлемін" жеткізуді сұрады

561

Министр осы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтер тізімі одан әрі кеңейтілсе дейді.

Бағдат Мусин Үкімет басшысынан мемлекеттік органдарға өзінің "сәлемін" жеткізуді сұрады

Үкімет отырысында онлайн алуға болатын мемлекеттік қызмет түрлері санын әлі де арттыру керегі айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бизнесс процесстердің реинжинирингі негізінде мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, атап айтқанда олардың жаңа тізімін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, қызмет түрлерінің саны 1300-ден асып кетті. Мәселен, "жылжымайтын мүлікті тіркеу" қызметі іс жүзінде 26 түрден тұрады.

Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы мемлекеттік органдарға осы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтер тізімін одан әрі кеңейту туралы тапсырма беруіңізді сұраймын.

Қазірде мемлекеттік қызметтердің 93%-ы онлайн түрде қолжетімді, бірақ кейбір мемлекеттік органдарға бұл жұмысты әліде жетілдіру қажет", – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

"Үш ай мерзімде қолжетімсіз мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру; цифрлық құжаттардың қолданыс аясын кеңейте отырып, олардың санын арттыру қажет. Сондай-ақ оларды әртүрлі ресурстарға орналастыру қауіпсіздігін де ойластыру қажет. Халықтың тұрмыс деңгейі мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуына және олардың сапасына байланысты. Сондықтан бұл салада сервисті үнемі жетілдіре отырып, азаматтарға ыңғайлы әрі сапалы қызметтерді ұсынудың маңызы өте зор", – деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Бағдат Мусиннің айтуына қарағанда, ауыл шаруашылығы сласында онлайнға көшіретін қызмет түрлері баршылық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу