Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің екі кемесі Парсы шығанағында соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты UK Defence Journal журналына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, HMS Chiddingfold және HMS Bangor кемелері соқтығысты. Х әлеуметтік желісінде оқиғаның бейнежазбасы таралды.
Корольдік әскери-теңіз күштері бұл инциденттен кейін тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Екі кеме "Kipion" операциясының үштен екі бөлігін құрайды.
Бұл Ұлыбританияның Парсы шығанағы мен Үнді мұхитындағы тұрақты әскери-теңіз күштері.
Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің штабы оқиғаның болғанын растады.
"Біз Бахрейндегі екі кемеге қатысты оқиға туралы хабардармыз. Оның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тергеу жалғасып жатқан кезде қосымша түсініктеме беру орынсыз", - деді ведомство өкілі.