АҚШ президенттігіне үміткер Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп отырған Джозеф Байден сайлаушылар дауысының саны бойынша қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамптан әзірге басым түсім отыр. Дегенмен жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, негізгі штаттар Трампқа көбірек дауыс берген.
Reuters агентігінің соңғы дерегі бойынша, Байден 205 сайлаушы дауысына (electoral vote), ал Трамп 136 сайлаушы дауысына ие болған. Жеңіске жету үшін 270 дауыс жинау керек. Жалпы, Байденге 58,2 миллион, Трампқа 56,5 миллион адам дауыс берген.
Ескере кететін жайт, сайлау қорытындысы бірнеше күннен кейін белгілі болады. Өйткені поштамен жіберілген дауысты санау үшін біраз уақыт керек. Биыл 97 миллион адам сайлауға қатысқан. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш, тіпті, пошта арқылы дауыс бергендердің саны да рекордтық деңгейге жетіп отыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com