Байден жеңіске жететініне сенімді. Питсбургте сайлаушыларымен кездескен ол: "Трамп жүгін жинай берсін. Оның Ақ үйден кететін уақыты келді", – деп сөз сөйледі.
Әзірге әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша демократты қолдайтындар саны басым. Бірақ бұл – жеңіс Байденнің қолында деген сөз емес.
Сайлаушылар алқасы беретін дауыс үлкен маңызға ие. Осы күнге дейін 100 млн-нан аса азамат күні бұрын таңдау жасап үлгерген. Мұндай жағдай ел тарихында болған емес. Дегенмен сайлаудың ресми қорытындысы бүгін-ертең емес, бірнеше күннен кейін шығады. Себебі пошта арқылы берілген дауысты санауға ұзақ уақыт кетеді. Толығырақ Atameken Business-те:
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу