Байденнің инаугурациясынан кейін мұнай арзандады

833

Brent баррелі шамамен 55,88 долларға саудаланып жатыр. 

Байденнің инаугурациясынан кейін мұнай арзандады

АҚШ-та президент Джозеф Байденді ұлықтау рәсімі өткеннен кейін, "қара алтын" бағасы сәл төмендеді. Brent cұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,36%-ға кеміп, 55,88 доллар болды. WTI фьючерстері 0,48%-ға арзандап, қазір оның бір баррелі 53,05 долларға саудаланып жатыр. 

Құрама Штаттардың 46-шы президенті Джозеф Байденді ұлықтау рәсімі 20 қаңтарда Капитолийде өтті. Бұрынғы президент Дональд Трамп инаугурацияға қатысудан бас тартты. 

Еске сала кетсек, екі апта бұрын ОПЕК+ елдерінің кезекті отырысы ұйымдастырылған еді. Жиында өндіруші елдер үшін келісімнің шарттарын алдағы екі айда өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазақстан мен Ресей ғана ақпан мен наурыз айларында өндірісті сәл де болса арттырады. Сауд Арабиясы мен бірқатар ел бір күнде өндірілетін мұнай көлемін тағы да қысқартады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу