Байденнің жоспары мақұлданғаннан кейін мұнай қымбаттады

811

Brent баррелі шамамен 65 долларға саудаланып жатыр.

Байденнің жоспары мақұлданғаннан кейін мұнай қымбаттады

АҚШ-тың өкілдер палатасы президент Джо Байден ұсынған экономиканы ынталандыру шарасын мақұлдағаннан кейін, мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Investing.com басылымына сілтеме жасап.

Бірақ Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы белсенділіктің ақпан айында баяулауы шикізат нарығының оңалуын тежеп отыр.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,63%-ға артып, 65,47 доллар болды. WTI баррелі 1,61%-ға қымбаттап, 62,49 долларға дейін жетті.

Еске сала кетсек,бұған дейін өкілдер палатасы экономикаға 1,9 триллион доллар құю туралы құжатты мақұлдады. Кей сарапшылар бұл бастамадан кейін ең төменгі жалақы мөлшері көбеймейді деген пікірде. Инвесторлардың назары 4 наурызда өтетін ОПЕК+ альянсының отырысында. Тараптар жиын кезінде сәуірдегі өндіріске қатысты шешім қабылдайды.

Табиғат Нұрболат

Фото: npr.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу