Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов үй қамақта

1388

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Байқоңыр ауданы әкімінің пара алу фактісіне қатысты ұсталғанын растады.

Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов үй қамақта

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жақында пара бойынша күдікке ілінген Асқар Есіловке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл мәселеге қатысты оған жалған актілерге қол қойған деген айып тағылып отыр. Өзінің кінәсін толық мойындаған соң, қамауға алынған жоқ. Ол үй қамақта. Бірақ тергеу жүріп жатыр", – деді Бауыржан Балғабеков тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың пара алды деген күдікке ілінгенін растады.

"Иә, рас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Байқоңыр ауданы әкімінің пара алу фактісіне қатысты ұсталғанын растайды. Ол жеке компания өкілінен iPhone ұялы телефонының соңғы нұсқасын пара ретінде алды деген күдікке ілінді", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу