Ал Байқоңырда құрылатын "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен алғашқы зымыран 2025 жылы ұшрылады. Жалпы, бұл жоба қазіргі қолданыстағы "Зенит" зымыран кешені негізінде іске қосылады. Оны Қазақстан мен Ресей бірлесіп жасаайтын болады. Кешеннің өзі мен ғарышқа жіберу қондырғысына Қазақстан міндетті болса, зымыранды Ресей тарапы жасамақ. Жобаның жалпы құны 750 млн доллар, оның 250 млн-ын еліміз шығындаса, 500 млн доллар Ресей бюджетінен бөлінеді. Ғарышқа сапарлайтын жаңа зымыранды ұшыру үшін қазіргідей гептил қосындысы бар жанармай қолданылмайтын болады.
Мейірбек Молдабеков, ҚР ҚАӨМ Ғылыми-техникалық әзірлеме жөніндегі кеңесшісі:
"Ең басты ерекшелігі сол оның жанармайы қауіпсіз біріншіден. Екіншіден жаңа зымыран қазіргі заманауи технологияға негізделген. Ал протон болса 65-ші жылдан бері ұшып келе жатыр. Ол енді ескірді. Апат болған жағдайда ол қоршаған ортаға зиянды заттарды тастайды".