Байқоңыр қаласында "Байқоңырэнерго" қызметкерлері жаппай уланды. Бұл туралы бүгін кешен прокуратурасы хабарлады.
9 желтоқсанда "Байқоңырэнерго" ӨЭҚК отын беру цехының уланған 6 қызметкері Ресей ФМБА "№ 1 ОМСБ" ФМБДСМ жеткізілді.
"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау, құқық қорғау органдарының іс-қимылын үйлестіру мақсатында кешен прокуроры Александр Трифонов тиісті ақпаратты алғаннан кейін дереу оқиға орнына барып, зардап шеккендердің жұмыс орындарын қарап шықты, кәсіпорын басшылығы болған оқиғаның мүмкін себептері туралы хабардар етті", - делінген хабарламада.
Қадағалау органы қазіргі уақытта азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқтығын, оларға білікті медициналық көмек көрсетілгенін хабарлайды. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Тергеу бөлімі "Байқоңыр" кешенінде осы факт бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізуді бастады.
"Сондай-ақ, "Байқоңырэнерго" ӨЭҚК қызметкерлерінің улану себептерін анықтау мақсатында прокурор осы кәсіпорында прокурорлық тексеруге бастамашылық жасады, оның нәтижелері бойынша еңбекті қорғау ережелерін сақтауға жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) баға беріледі, кейіннен осындай оқиғалардың алдын-алу шаралары қабылданады", - деп атап өтті "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасында.