Байланыс тарифтерінің өсіп жатқаны маған да ұнамайды – вице-министр

203

Нарыққа төртінші мобильді операторды кіргізу бойынша нақты жоспар жоқ.

Байланыс тарифтерінің өсіп жатқаны маған да ұнамайды – вице-министр Фото: digitalbusiness.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек төртінші мобильді оператордың пайда болуы мүмкіндігіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство өкілінен "Вице-министр ретінде елдегі мобильді операторлардың баға белгілеу саясатына көңіліңіз тола ма?" деп сұрады.

"Вице-министр ретінде емес, адам ретінде айтайын. Осы елдің азаматы ретінде маған тарифтердің өсіп жатқаны ұнамайды. Сондықтан да тарифтердің көтерілуіне байланысты кейбір наразылықтармен келісемін. Бірақ вице-министр ретінде оператордың мұндай қадамға баруының себебін түсінемін", – деді Асхат Оразбек Сенат кулуарында.

Журналистер төртінші мобильді операторға қатысты да нақтылау сұрағын қойды.

"Мен оның пайда болуы ықтималдылығы бар екендігі туралы ғана айттым. Алайда қазіргі таңда реттеушінің төртінші мобильді операторды нарыққа кіргізу туралы қандай да бір жоспары жоқ. Егер де қазір жұмыс істеп жатқан үш мобильді оператор нарықта тиімді әрекет етіп, бәсекеге түсетін болса, онда қосымша оператордың қажеттілігін көріп отырғанымыз жоқ",  деп түсіндірді вице-министр.

Айта кету керек, осыған дейін мобильді интернет тарифтері қаншаға қымбаттайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу