"Бәйтерек" холдингінен 197 млн теңгенің жымқырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ лауазымды тұлғалары мен өзге де адамдарға қатысты тергеу амалдарын бастады. Іс "Ұлттық технологиялық даму агенттігі" АҚ еншілес ұйымының бизнес-моделін түрлендіру бойынша консультациялық қызметке арналған мемлекеттік сатып алуға бөлінген 197 млн теңгелік бюджет қаражатының жымқырылуына байланысты қозғалып отыр", – деді Данияр Бекайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.