БАҚ: Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатына түсіп, қаза тапты

183

Қаза тапқандардың жеке басы анықталмады.  

БАҚ: Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатына түсіп, қаза тапты Фото: GYEONGGI FIRE SERVICES

Оңтүстік Кореядағы Сохэан автомагистралінде 4 қазақстандық мінген көлік жардан құлап кетіп, салдарынан барлық адам қаза тапты. Бұл туралы Korea JoongAng Daily жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 00:30 шамасында болған. Mercedes-Benz көлігі Кенгидо провинциясының Хвасон қаласындағы жолдың оң жақ бетіндегі қоршауға құлаған. Кейін көлік бірнеше метр төмен құлап кетіп, өртеніп кеткен.

Басылымның жауынша, өрт сөндірушілер апат туралы хабарлама алғаннан кейін оқиға орнына бірден жеткен. Қызыл жалын жарты сағат ішінде сөндірілді. Қирандыдан 4 адамның денесі табылды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де қаза тапқандардың жеке басы анықталмады. Полиция апаттың шығу себептерін анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу